Жеңіп көр!

    Отандық телекөрсетілімде алғаш рет «Жетінші арнада» көрермендердің өзі «Жеңіп көр» ойын-сауық шоуының жүргізушісін жеңіп, қомақты қаржыны олжалауға мүмкіндік алады! Жасырын қорқынышыңызды, үрейіңіз мен әлсіздігіңізді сынайтын жерді елестетіп көріңізші!Ол жер – «Женіп көр»экстремалды шоуының студиясы, онда сізді қолтырауын жатқан диванға жайғастырып, кешкі асқа бүйе мен құрт береді! Жүрегі әлсіздер кірмей-ақ қойсын! Тәукелшіл жүргізуші ақылға қонбайтын әрекеттер жасайды, ал сайыскер соны қайталай алатынына бәстеседі. Бәс тігу - ойынның басты бөлімі. Жеңіс үшін сайыскерлеріміз қандай тәуекелге дайын? Әлде бастысы бақ сынау ма?